Сенбінің маңызды ойындары

14.02.2015, 04:29
Сенбінің маңызды ойындары
Әдеттегідей "кәрі құрлықтың" жасыл алаңдарында чемпионаттардың кездесулері өтетін болады. Өткен аптадағыдай Лондон, Мадрид секілді алып қаланың алыптарының дербиін көрмесек те, уақыт бөліп тамашалуға тұрарлық футбол матчтары бар. Осыған орай, Аладоп сайты аптаның елеулі екі ойынына, матч алдындағы сараптама-шолу жасамақ. "Байер"-"Вольфсбург" "Бай-Арена". 14-ші ақпан. 20:30 Бундеслиганың орталық ойынында, "Байер" мен "Вольфсбург" күш сынасады. Алаң иелері 32 ұпаймен 6-шы орынға жайғасқан. 2-ші орындағы "қасқырлардан" 9 ұпайға қалып келе жатыр. Ал, "Вольфсбург" 1-ші орындағы "Бавариядан" 8 ұпай артта. Бундеслиганың бұндай кездесуіне болжам айту да қиын. Дегенмен, голсыз болмаса керек. Қос ұжым да шабуылға ден қоятын командалар. "Вольфсбург" жаңа жылда леверузендіктерге қарағанда мықтырақ. Бірақ, қонақта ұпайды көп жоғалтады. Тас қамал "Баварияны" жекпе-жекте талқандағанымен, мюнхендіктерге қарағанда өзгенің стадионында әлсіз ойнайды. 8 ұпай қалып келе жатқанының бірден-бір себебі осы. Бұл олқылықты жоюда Шюррлеге сенеді. Команда тарихындағы ең қымбат футболшы, онсыз да берік шабуыл шебін, мінсіз етуі керек. Яғни, осы қонақтағы ойындарда де Брюйнемен бірге позициялық та, қарсы шабуылдарды да голмен аяқтайды деп үміт артады. Бельгия мен Германия ұлттық құрамасының футболшылары "Челси" сапында бірге өнер көрсеткені есімізде. Байер нәтиже жағынан жанкүйерлерін қуанта алмайды. Бірінші айналымнан кейін үздік үштікте тұрса, бүгін Еуропа Лигасының аймағына түсіп кетті. Себебін түсіндіру қиын. Өткен турда "Вердерге" жол берген еді. Әйткенмен, бұл команданың да мықты тұсы өз алаңы. Леверкузендіктерге Чемпиондар Лигасының орнына көтерілумен қатар, "Вольфсбургтен" ұпай санын қысқартуға мүмкіндік туып тұр. Бұл команда ойын тізгінін қарсыласқа беріп қойып та, жеңіске жетіп кетеді. Ұжымның төзімділігінде шек жоқ. Әр түрлі болжам болып, ой сан-саққа жүгіріп тұрғанымен, бұл кездесуден күтетініміз нәтижелі, тартысты ойын. Сайып келгенде, екі команда да тең деңгейде. "Реал Мадрид"-"Департиво" "Сантьяго Бернабеу". 14-ші ақпан. 23:00 Иә, бір қарағанда "Реалдың" кезекті бір ойыны. Қарсылас "Атлетико", "Барселона", тым болмаса "Севилья", "Валенсия" емес. Бірақ, бұл кездесуді ерекше атап өтетіндей себеп көп. "0:4"! Кіммен, қайда екенін білесіздер. Роналдудың туған күніне байланысты туған кішігірім жанжал. Той тойланғаннан кейін, бірнеше футболшыларға басшылық тарапынан кейбір футболшыларға айыппұл салынды. Басшылықтың ойынша, сәтсіз өткен бір ойыннан кейін, адам баласы аза тұту керек екен. Содан соң, Фларентино Перес тиімді ұсыныс болса, Роналдуды жібереді екен деген әңгіме пайда болды. Қысқасы, қазір "корольдік клуб" бір ай бұрыңғы "Барселонаның" күйін кешіп отыр. Ол кезде, "блауграна" бір отбасы екенін ойынымен дәлелдеп, сыртқы ақиқатынан гөрі, фантазиясы басым өсектерге жымия түкірген еді. Осы тұрғыдан келгенде, команданың психологиялық жайы қалай? Бекем бірлікке селкеу түскен жоқ па? Роналду қаһарға міне ме, әлде алаңда "еріп" кете ме? Касильяс па, Навас па? Осы сұрақтарға ертеңгі ойында жауап алуға тырысып көретін боламыз.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×