Өзбек футболының ардагері Азамат Абдураимов Қазақ футболының қазіргі деңгейіне қатысты ащы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Абдураимов екі елдің футболдағы даму қарқынын салыстырып, Қазақстандық жанкүйерлердің шамына тиетін сөздер айтты. Оның пайымдауынша, қос ел арасындағы айырмашылық жер мен көктей емес, бірақ нәтиже мен мәртебе тұрғысынан Өзбек футболы көш ілгері.
“Айырмашылық аса үлкен деп айтпас едім, бірақ бізде обьективті түрде болуы тиіс жағымды жаңалықтар көбірек. Біз Азияның ең мықтыларының қатарындамыз, ал сендер Еуропаның ең шетінде, тасасында қалдыңдар.” – деп мәлімдеді Абдураимов.