Фернандо Хосе Торрес Санс - Эль Ниньо лақап атты, орыс тіліне аударғанда – балақай дегенді білдіретін, испан ойыншысы, Лондондық «Челсидің» және Испания құрамасының шабуылшысы. Фернандо Торрес 1984 жылдың 20 наурызында дүниеге келді. Бала кезінен футболға қызыққан кішкентай Фернандо өзінің алғаш «Parque 84» командасына 5 жасында ойнай бастады. Фернандоның атасы футболды аса жақтыртпайтын, алайда «Атлетико Мадрид» клубы жайында сөз қозғалғанда ол футболдың белсенді бір жанкүйеріне айналатын.
Торрес 7 жасқа толғанда, «Mario’s Holanda» атты көршілес кафенің командасына ойнай бастады. Кішкентай жасына қарамастан, ол жиі-жиі гол соғатын. 3 жылдан кейін, 10 жас шамасында «Райо 13» командасына қосылды. 1994 жылы «Райо 13» балалар командасы үшін өзінің алғаш маусымында 55 гол соғып, «Атлетико Мадрид» командасына көрсетілімге шақырылған болатын. Футбол мамандары бұл таланттың ойынымен тәнті болды, ал сол кезде жас футболшы өзін жақсы жағынан көрсетіп, 1995 жылдан бастап «Атлетико Мадрид» құрамасының сапында өнер көрсете бастады. 3 жыл өткен соң, футболдағы ғұмырындағы алғаш чемпиондық атаққа ие болды. «Атлетико Мадрид» жетекшілігі «Nike Сup Europe» атты жарысына қатысуға өтініш жіберген болатын. Ол жарыста 15 жасқа дейінгі бірнеше атақты командалар қатысты. Торрес «Атлетико Мадридтің» көшбасшыларының бірі болып, осы жарыста өзі бастаған командаға жеңіс әкеліп, кейіннен бұл жастағы Еуропаның үздік ойыншысы атанды. 1999 жылы өзінің клубымен алғаш рет келісім шартқа отырды. Жас шабуылшының 16 жасқа дейінгі Испан құрама командасындағы ойындары да аса сәтті болатын. 2001 жылы испандықтар Еуропа чемпионатының бас жүлдесіне ие болып, оның 7 матчында ойнаған Фернандо 6 доп сала білді. Ал үлкен «Атлетико Мадрид» командасындағы дебюттық ойын 2000/11 маусымының аяғында орын алды. Тура бір апта өткен соң ол бірінші добын соқты. Жоғарғы дивизиондағы алғашқы маусымында Торрес 13 рет қақпашыны қапыда қалдырған болатын. 2003/04 маусымында 35 матчта 19 гол соққан он тоғыз жасар Фернандо клуб тарихындағы ең жас капитаны болып атанды, бірақ 7-орында маусымды аяқтаған «Атлетико Мадрид» УЕФА Кубогіне жолдаманы «Севилья» командасына беріп қойды.
Еуропаның керемет клубтары Торреске қызығушылықтарын арта түсірді, дегенмен аяқдоп шебері «Атлетико Мадрид» командасына серік болып қала берді.
2006-да Германияда өткен Әлем чемпионатында Фернандо 3 голмен көзге түскен болатын. 2006/07 маусымы «Атлетико Мадрид» сапында «Эль Ниньо» үшін соңғы болды. 2007-нің 4-шілдесінде «Ливерпуль» командасына ауысты. Мұнда ол атақты «тоғызыншы» нөмерге ие болды. «Ливерпуль» командасындағы алғашқы маусымында Торрес 24 гол соғып, бұрын Руд ван Нистелройға тиесілі Премьер-лигадағы бұл рекордты жанартты. Келесі жылы ағылшын чемпионатының жана маусымындағы бірінші «Сандерлендпен» болған ойынында Торрес 83 минутында гол соғып, бұл кездесудің жалғыз голының авторы атанды.
2009 жылдың 29 желтоқсанында «Астон Вилламен» болған матчта 93 минутта соққан Торрестің голы шешуші болды. 2009/10 маусымында көп жарақат алып, солардың кесірінен чемпионаттың жартысынан көп ойындарын жіберуге тура келді. Бірақ, қиындықтарға қарамай 22 өткізген матчтарында 18 гол соғып, үздік шабуылшылар рейтингінде алтыншы орынды қанағат етті.
2010/11 маусымында Лондондық «Челси» Торреске қызуғышылық танытып, 35 миллион фунт ұсынған болатын. Алайда «мерсисайдтықтар» бұл ұсынысты қабылдаған жоқ.
2011 жылдың 31-желтоқсанында «Ливерпульдің» жетекшілігі «Челсидің» ұсынысын қабыл етті. Сол күні Торрес жана клубымен, айлығы аптасына 175 мың фунт құрайтын 5-жарым жылдық келісім шартқа қол қойды. Өздерінің нарызылықтарын білдірген «Ливерпульдің» бірнеше жанкүйерлері Торрестің аты жазылған жейдені өртеді. Торрес 2011-дің 6 ақпанында «Челсидің» құрамында алғаш ойынын өткізді. 14-тен астам ойында Фернандо жана командасында көзге түсе алмай жүрді. 23-сәуірде «Вест Хэммен» болған матчта ойынның 83 минутында гол соғып қана коймай, қосымша уақытта Флоран Малудаға гол соғатын керемет пас берген болатын.
Сымбат КӨПБЕРГЕН
Біздің серіктес: FONBET