Сербиялық клуб «Астанадан» қорықпайды

03.10.2024, 14:44

«Бачка-Топола» клубының бас бапкері Йоваа Дамьянович «Астанамен» болатын кездесу туралы ойын айтты.

Сербиялық клуб «Астанадан» қорықпайды
«Астана» - «Бранн» кездесуі

Баспасөз-мәслихатына қатысқан сербиялық маман Алматыдан ұпай алып қайтпақ ниетте екенін жасырған жоқ. 

«Қарсыласымызға құрмет көрсетеміз. Бұл кездесу Еуропада өтпесе де, жақсы ойын өрнегін көрсеткіміз келеді. Бір футболшымыздың жарақаты бар, ал қалғандары қатарда, сақадай-сай. Ойыншылар тәуір ойнап, қолдарынан біраз нәрсенің келетінін байқатты. Бұл сөзіме өткізген соңғы екі кездесу дәлел бола алады», - сербиялық ұжымның бас бапкері. 

Айта кетейік, «Астана» - «ТСЦ Бачка-Топола» матчы бүгін кешкі 21:35-те басталады. Кездесу Алматының Орталық алаңында өтеді. Бәсекені жанкүйерлер «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×