30 жастағы сербиялық қорғаушы Даниэль Стойкович Қазақстан Премьер-лигасындағы клубтардың біріне ауысуы мүмкін.
Соңғы екі маусымда Даниэль Стойкович беларуссиялық "Неманда" ойнады. Ол сондай-ақ армениялық "Алашкерт", сербиялық "Радник", "ОФК Белград" және "Вождовац" командаларында ойнады.
Өткен маусымда "Неманның" негізгі қорғаушысы болды. 2020 жылы "Неман" жейдесінде 29 матчқа қатысып, 1 голдың авторы атанды. Ал оның командасы 53 ұпай жинап, маусымды бесінші орынмен аяқтады.
Ойыншы жақын күндері қазақстандық клубтардың бірімен келісімшартқа отыруы керек.
Біздің серіктес: FONBET