Сергей Малый: «Франция, Украина секілді командалармен тең дәрежеде ойнағымыз келеді»

04.04.2021, 16:56
Малый екі матч өткізіп, бір гол соқты, бірақ өз қақпасына...
Сергей Малый: «Франция, Украина секілді командалармен тең дәрежеде ойнағымыз келеді»

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциямен (0:2) және Украинамен (1:1) өткен ойын туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

- Сергей, 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өтті. Кездесулердің нәтижелері туралы не ойлайсыз?

- Құдайға шүкір, алғашқы ұпайды жинадық. Әрине, көбірек ұпай алғымыз келеді, бірақ бары осы. Біз жұмыс істейміз, әрі қарай дайындалуға уақыт бар.

- Әрине, сіз үшін Киевтегі кездесу ерекше болды, өйткені сіз Украинада туып-өстіңіз.

- Менің міндетім - тұрақты ойын көрсету. Украинамен болған кездесуде бұл қолымнан келді, бірақ Францияға қарсы кездесуде моральдық күш жеткіліксіз болды, бұл ойынға дейін қалыпқа келуге уақыт болмады, өйткені біз Қазақстан Суперкубогінен кейін екі күн ғана демалдық. Үш апта бойы мен отбасымды көрмедім, бір базадан екінші базаға ауыстық. Аздап моральдық жағынан қалыпқа келе алмадым.

- Француздармен болған матчта бос қақпадан допты қағып жібердіңіз, ал бір минуттан кейін өз қақпаңызға гол соққан сәтте өзіңізді қалай сезіндіңіз?

- Әрине, бұл психологиялық тұрғыдан қатты әсер етті. Әр түрлі ойлар болды, бірақ бұл менің жұмысымның бір бөлігі екенін түсіндім. Егер мен еркек болсам, онда осыдан өтуім керек. Бұл мені өте қатты ренжітті, қолымды бір сілтеп қоя салу - ер адамға жараспайтынын түсіндім.

- Франция құрамасының жылдам футболшыларына қарсы ойнау қиын болды ма?

- Біз шындыққа бетпе-бет келуіміз керек, олар бізден күшті. Егер біз осы деңгейде көп ойын өткізгенде, қысқа мерзім ішінде ойынымыз жақсарар еді. Мұндай жағдай біз үшін жиі бола бермейді, сондықтан олармен осы деңгейде ойнау өте қиын болды.

- Наурыз айындағы оқу-жаттығу жиынынан кейін қандай қорытынды жасай аласыз?

- Осы деңгейде ойнаған қандай жақсы. Сіз өзіңізді тексеріп, осындай ойындар арқылы өсесіз. Жақсы ойын көрсетіп қана қоймай, белгілі бір нәтижеге қол жеткізгенде, бұл екі есе жағымды әсер қалдырады. Біз осындай қарсыластармен тең дәрежеде ойнағымыз келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×