«Жеңіс» клубын кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

04.04.2021, 19:09
Азовский футболшы ретінде «Қайсар», «Атырау», «Оқжетпес», «Ақтөбе» командаларында ойнаған.
«Жеңіс» клубын кімнің жаттықтыратыны белгілі болды

Қайта құрылайын деп жатқан елордалық "Жеңіс" клубы жаттықтырушылар құрамын жасақтай бастады, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм-арнасы.

Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, клубтың жаңа бас бапкері болып мансабын дәл осы "Жеңісте" бастаған Егор Азовский тағайындалмақ. Ал бүкіл өмірін Целиноград, Ақмола, Астана және Нұр-Сұлтандағы футболға арнаған, жоғары тәжірибелі маман Александр Иванұлы Коночкин клубтың спорттық директоры болады.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын "Жеңіс" клубының қайта жанданатыны туралы ақпарат пайда бооған еді. Ал күні кеше жаңа директор Ахмад Амиров команданың осы жылы Екінші лигада бақ сынайтынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×