"Манчестер Ситидің" шабуылшысы Серхио Агуэро жақын арада "Барселона" ойыншысы атанады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Италиялық журналисттің мәліметінше, Агуэро каталондық клубпен 2023 жылға дейін есептелген келісім-шартқа отырады. Шабуылшының жылдық жалақысы 10 миллион еуроны құрамақ.
Агуэро "Барселонаға" Чемпиондар Лигасының финалынан кейін ауысады деп күтілуде, егер алдағы екі жылда "Барселона" аталмыш турнирде топ жарса, аргентиналық футболшы қаржылай бонусқа ие болады.
Сондай-ақ каталондық клуб жақын арада Мемфис Депайды еркін агент ретінде қатарға қосады.
Біздің серіктес: FONBET