Аргентина құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы Серхио Батиста атышулы футбол баһадүрі Диего Марадонаны сотқа бермекші. Бір қызығы, бас команда тізігінін Марадона ұстаған жылдары Серхио Батиста оның көмекшісі қызметін атқарған.
Екі мықты арасында орын алған оқиғаның мән-жайына тоқталсақ, Марадона өзінің бір сұхбатында Батистаның жемқорлықпен айналысатынын, яғни ұлттық құрамада ойнау үшін футболшылардан пара алатынын мәлімдеген. Мұның бәрін жоққа шығарған Батистаөзіне өтірік жала жапқаны үшін Марадонаны сотқа беретінін айтты. 1986 жылы Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионы атанған қос футболшы арасындағы оқиғаның немен тынары әзірге белгісіз.
Төлеген Жұмабек, Елдос Қамбалиев