Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 1-ші тур ойындары болып өтті

17.09.2011, 16:15
Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 1-ші тур ойындары болып өтті
Өткен түнде Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 1-ші тур ойындары болып өтті. Грекиялық ПАОК өз алаңында «Тоттенхеммен» тең түссе, «Спортинг Лиссабон» қонақта «Цюрихты» 2-0 есебімен жеңді. Ал ең көп гол соққан Түркияның «Бешикташ» командасы Израильдің «Маккабиін» 5-1 есебімен тас-талқан етті. Алғашқы турдың орталық матчы болған «Рубин» мен «Шемрок Роверс» арасындағы матч та өте тартысты өтті. Топтық кезеңде бағын сынап жүрген жалғыз ирландиялық команда өз жанкүйерлерінің алдында тізе бүгуге тура келді. Қазандықтар сапынан алдымен Мартинс 3-ші минутта есеп ашса, Вальдес 11 метрлік айып добын сәтсіз орындады. Десек те, қонақтар дегендерінен қайтпай ойын соңына дейін тағы екі гол соғып, 3 ұпайды еншіледі. «А» тобында көш бастаған Құрбан Бердиевтің ұжымы 29 қыркүйекте ПАОК клубын өз алаңында қабылдайды. Қазақстан ұлттық телеарнасы
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×