"Тоттенхэм" өзінің ресми сайтында "Реал Мадридтің" қорғаушысы Серхио Регилонды алғаны туралы хабарлады.
Бұған дейін трансфер құны 30 миллион еуроны құрайтыны белгілі болған еді. Келісімшарт мерзімі - 5 жыл. Регилон Лондондық клуб сапында 3-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.
Бір қызығы, Регилонның "Тоттенхэмге" ауысуының басты себебі - Лондондық клуб "Реалдың" барлық талаптарын орындауға дайын болған екен. Келісімшарт бойынша "Корольдік" клубтың футболшыны 45 миллион еуроға кез-келген уақытта ешкімнің рұқсатынсыз сатып алуға құқығы бар. Ал "Манчестер Юнайтед" бұл талапты орындаудан бас тартты.
Айта кетейік, Серхио - "Реал Мадридтің" түлегі. Өткен маусымды ол "Севилья" сапында өткізіп, Еуропа лигасын жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: FONBET