Серікжан Мужиковке ота жасалды

28.09.2021, 23:12
Футболшы қазір Германияда емделіп жатыр.
Серікжан Мужиковке ота жасалды

Қостанайлық «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковтің тізесіне ота жасалды.

Қазір ойыншы Мюнхен (Германия) қаласындағы емханалардың бірінде жатыр. 

Биылғы маусымда Серікжан «Тобыл» сапында 25 матчқа қатысып, 4 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Естеріңізде болса, Серікжан жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының қыркүйектегі ойындарына шақыртылмаған еді. Жартылай қорғаушы алдағы ойындарға да шақыртылмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×