Вардан Минасян: «Мұндай жағдай кез-келген команданың басынан өтуі әбден мүмкін»

29.09.2021, 02:24
«Тараз» бапкері Кубок жолында аянбаймыз дейді.
Вардан Минасян: «Мұндай жағдай кез-келген команданың басынан өтуі әбден мүмкін»

"Тараздың" бас бапкері Вардан Минасян "Астанамен" өткен матч (3:0) туралы пікірімен бөлісті:

- Бұл ойында біз барлық жағынан қателіктерге бой алдырдық. Әсіресе матч басында. Кездесуге қойылған тактикалық жоспар мүлдем орындалмады. Екінші таймда кейбір сәттерде ойын жүргенімен, 3:0 ден соң нәтижені өзгерту өте қиын.

Қазіргі кезде мұндай ойын кез-келген команданың басынан өтуі әбден мүмкін. Өз өзімізді таппай қалған ойын болғанын түсінеміз. Қандай жағдайда ұтылғанымызды білеміз, мойындаймыз. Бірақ біз әрі қарай жылжимыз. Алда чемпионаттың төрт матчы күтіп тұр. Оның үшеуі өз алаңымызда. Біріншілік пен кубоктағы алға қойған мақсат сол күйі өзгермейді. Соған жету үшін жұмыс жасаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×