«Шахтер» алдына қойылған міндетін орындайды

22.08.2011, 01:22
«Шахтер» алдына қойылған міндетін орындайды
«Шахтер» футбол командасы алдына қойылған міндетін орындайды, дейді облыс әкімі Серік Ахметов.
«Қарағандылық «Шахтер» командасының футболшыларымен кездесуінде облыс әкімі С. Ахметов футболдан ҚР чемпинатының 1-ші кезең қорытындысын талқылады.22 ойында «кеншілер» 42 ұпай алып, турнир кестесінде үшінші орын алды. Сол арқылы күшті деген алтылық құрамына ену міндеті орындалды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің бейсенбі күні таратқан хабарында.
Жеңіс пен соққан гол саны бойынша «Шахтер» чемпионаттағы ең үздік команда атанды. Атап айтқанда, кеншілер командасы өз алаңында «Ақтөбе», «Тобыл», «Ертіс» сынды кіл мықтыларды тізе бүктірсе, сырт жерде де жерге қаратқан жоқ. «Атырауды» ойсырата жеңіп, соңғы жылдары Қазақстандағы ең үздік клубтарының бірегейі саналып жүрген «Ақтөбені» қайыра шаң қаптырды.
Қарағандылық футболшылар шетелдік командалармен кездесулерде де намысты қолдан берген жоқ. Еуропа Лигасында «Шахтер» тұңғыш рет екінші раундқа өте алды. Өз алаңында словениялық «Копер» командасы мен ирландиялық «Сент-Патрикс» командаларын айқын басымдылықпен ұтты.
Облыс әкімі «Шахтердің»Қазақстан кубогында сәтсіздікке ұшырағанын да тілге тиек етті. 1/8-ші финалда «Қазақмыс» командасын ұтқан соң «Тараз» командасынан жеңіліс тапты. Соның нәтижесінде «Шахтер» Кубок жолындағы жарыстан шығып қалды. Сондықтан футболшылар мен клуб басшылығы осындай сәтсіздіктерден тиісті қорытынды шығарып, Чемпионаттың екінші кезеңінде де жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлердің үмітін ақтауы тиіс екендігін қадап айтты.
«Шахтердің» бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков пен команда капитаны Андрей Финонченко өздерінің жауап сөзінде алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
Серік Ахметов чемпионаттың екінші кезеңінде футболшыларға табыс, сәттілік тіледі. «Сіздердің алдарыңызда нақты әрі түсінікті міндет тұр, ол – жүлделі орынға ие болу, сол себепті команданың барлық күш-жігері осы мақсатқа бағытталу керек», - деді ол.
«Шахтер» футбол командасы алдына қойылған міндетін орындайды, дейді облыс әкімі Серік Ахметов. «Қарағандылық «Шахтер» командасының футболшыларымен кездесуінде облыс әкімі С. Ахметов футболдан ҚР чемпинатының 1-ші кезең қорытындысын талқылады. Сондай-ақ 14-ші тамызда басталатын 2-ші кезеңге міндеттер қойылды. Облыс әкімі бірінші кезеңді команда жақсы нәтижемен аяқтағанын атап өтті. 22 ойында «кеншілер» 42 ұпай алып, турнир кестесінде үшінші орын алды. Сол арқылы күшті деген алтылық құрамына ену міндеті орындалды», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің бейсенбі күні таратқан хабарында. Жеңіс пен соққан гол саны бойынша «Шахтер» чемпионаттағы ең үздік команда атанды. Атап айтқанда, кеншілер командасы өз алаңында «Ақтөбе», «Тобыл», «Ертіс» сынды кіл мықтыларды тізе бүктірсе, сырт жерде де жерге қаратқан жоқ. «Атырауды» ойсырата жеңіп, соңғы жылдары Қазақстандағы ең үздік клубтарының бірегейі саналып жүрген «Ақтөбені» қайыра шаң қаптырды. Қарағандылық футболшылар шетелдік командалармен кездесулерде де намысты қолдан берген жоқ. Еуропа Лигасында «Шахтер» тұңғыш рет екінші раундқа өте алды. Өз алаңында словениялық «Копер» командасы мен ирландиялық «Сент-Патрикс» командаларын айқын басымдылықпен ұтты. Облыс әкімі «Шахтердің»Қазақстан кубогында сәтсіздікке ұшырағанын да тілге тиек етті. 1/8-ші финалда «Қазақмыс» командасын ұтқан соң «Тараз» командасынан жеңіліс тапты. Соның нәтижесінде «Шахтер» Кубок жолындағы жарыстан шығып қалды. Сондықтан футболшылар мен клуб басшылығы осындай сәтсіздіктерден тиісті қорытынды шығарып, Чемпионаттың екінші кезеңінде де жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлердің үмітін ақтауы тиіс екендігін қадап айтты. «Шахтердің» бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков пен команда капитаны Андрей Финонченко өздерінің жауап сөзінде алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Серік Ахметов чемпионаттың екінші кезеңінде футболшыларға табыс, сәттілік тіледі. «Сіздердің алдарыңызда нақты әрі түсінікті міндет тұр, ол – жүлделі орынға ие болу, сол себепті команданың барлық күш-жігері осы мақсатқа бағытталу керек», - деді ол.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×