«Шахтер» бапкері: «Маңызды жеңіске қол жеткіздік»

03.05.2022, 17:27
«Кеншілер» үш матчқа созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды.
«Шахтер» бапкері: «Маңызды жеңіске қол жеткіздік»

«Шахтер» бас бапкерінің міндетін атқарушы Константин Емельянов Премьер-лиганың тоғызыншы турында «Тобылға» қарсы өткен ойынға (4:1) қатысты пікір білдірді:

- Біріншіден, жанкүйерлерімізді көптен күткен жеңісімен құттықтағым келеді, өйткені бұған дейін үш рет жеңіліске ұшырадық. Бүгін біздің алдымызда жігіттерді былтырғы ел чемпионымен болатын ойынға дайындау деген күрделі міндет тұрды. Біз кіммен ойнағанымызды түсіндік, бірақ бізге бұл жеңіс ауадай қажет болды. Біз сұраған талаптарды жігіттер орындады. Әрине, гол жібермеуіміз керек еді. Ең бастысы маңызды жеңіске қол жеткіздік. Ойыншыларға жұмысы үшін алғыс айтамын, олар бүгін ауызбіршілігін көрсетіп, керемет жұмыс атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×