Александр Москаленко: «Чемпион команда бұлай ойнамайды»

03.05.2022, 17:20
«Тобыл» бапкері қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Александр Москаленко: «Чемпион команда бұлай ойнамайды»

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко «Шахтермен» болған ойынды (1:4) қорытындылады:

- Команда жеңілген кезде қандай пікір айтайын? Бұл жерде сөйлегім де, ақталғым да келмейді. Матчтың біршама бөлігінде он адаммен ойнадық. Мәселе менде шығар. Ең алдымен жаттықтырушы жеңіледі, ал жеңіске жететін команда. Мен бір жерде қателеске шығармын. Бірдеңені өзгертетін уақыт келген секілді. Ертең мен Николай Панинмен клубтағы жұмысым туралы сөйлесемін. Чемпион команда бұлай ойнамайды. Мен барлық нәтижелерге өзім жауап беремін. Бұл жігіттердің кінәсі емес, мүмкін мен оларға дұрыс кеңес бермеген шығармын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×