Ресейлік клубтар еурокубок бәсекесінен шеттетілді

03.05.2022, 17:09
Кеше УЕФА нақты шешімді шығарды.
Ресейлік клубтар еурокубок бәсекесінен шеттетілді

Ресей клубтары келесі маусымда еурокубоктік турнирлерге қатыспайды, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты.

Бұл шешімді УЕФА Атқару комитеті дүйсенбі күні қабылдады. Бұған дейін УЕФА мен Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік клубтар мен ұлттық құраманы үлкен турнирлерден шеттеткен болатын. Бірақ Ресей футбол одағы Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағым түсірді.

Еске салайық, кеше «Зенит» Ресей чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған еді. Аталмыш клуб сапында Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліп жалдау шарты бойынша өнер көрсетуде.

Сондай-ақ ЦСКА командасы да төртінші орын алып, еурокубокке жолдама алған болатын. Мәскеулік клубта Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы Бактиер Зайнутдинов доп тебеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×