Сергей Малый: «Төреші ертең тағы да қателік жасап, бір команданы ұпайдан айырады»

03.05.2022, 15:48
«Тобыл» қорғаушысы төрешілердің жұмысына наразылығын білдірді.
Сергей Малый: «Төреші ертең тағы да қателік жасап, бір команданы ұпайдан айырады»

«Тобылдың» қорғаушысы Сергей Малый өзінің Instagram парақшасында «Шахтерге» қарсы өткен ойындағы (1:4) төрешілердің шешімі туралы өз пікірін білдірді:

«Жарайды, мен бүгінгі матчта таза саясат болғанын түсінемін. Бірақ төрешінің екінші пенальти белгілеген сәтін ұғына алмадым. Мен допты теуіп жатырмын, қарсылас ойыншы маған қарсы тәртіп бұзды, ол қайталауда анық көрінеді, дәл осы сәтте біздің ойыншының қатысуымен тағы да ереже бұзылады. Бір уақытта екі рет тәртіп бұзылды: мен емес, қарсыластың ойыншысы құлады, бірақ доп үшін мен күрестім.

Төреші неге маған назар аудармады? Мен құламасам, ереже бұзылмаған болып есептеле ме? Бұл қос бірдей стандарт емес пе, ҚФФ? Төреші қателесті дейсің, ол жұмыстан кетеді... Бірақ оның бізге не пайдасы бар? Ертең ол тағы да осындай қателік жасайды, тағы да біреу ұпай жоғалтады. Ешкімге шағым жоқ, тек сұрақтар көп», - деп жазды Малый.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×