"Шахтер" футбол клубы қаржы үнемдеу мақсатында бас бапкер Вячеслав Грозныйды қызметінен кетірмек. Бұл жайында "Казфутбол.кз" сайты жазды. Алайда, ақпарат әлі нақтыланбаған. Вячеслав Грозныйдың келісімі 2020 жылдың соңына дейін есептелген. Ол бапкер болғалы бері "Шахтер" небәрі 2 ғана матч өткізді. Алдымен "Тобылдан" 3:1 жеңілді де, кейіннен "Қайратты" 1-0 жеңді. Грозныймен бірге клубтан оның көмекшісі Алексей Величко да кетеді дейді білетіндер. Инсайдерлік ақпаратқа сенетін болсақ, бұл жайында ертең баспасөз нақтылап жазады екен.
Ал сонымен қатар тағы бір расталмаған ақпаратты айта отырсақ. Грозныйдың орнына Константин Горовенко бас бапкер болады дейді. Бұл маман "Қайрат" футбол академиясында қызмет етті. Барлық қызметтердің барлығын өтіп, "Про" категориясын иеленген. Горовенко 2018 жылдан бастап "Жетісу" Б командасының бапкері болып келді. 43-жасар маман бірінші лигада тәуір нәтижелер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET