Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Беларусьтің бірнеше дүркін чемпионы «БАТЭ» командасын Уефа Чемпиондар Лигасының екінші айналымында жер қаптырып жеңіп кетті.
Осыдан бір апта бұрын Борисов қаласында болған алғашқы кездесуде Виктор Кумыков шәкірттері беларустарды 0-1 есебімен жеңіп кеткен болатын. Осы ойыннан кейін «БАТЭ»-нің 36 жасар бас бапкері Гончаренко барлығы екінші ойында шешілетінін айтып жанкүйерлерді тыныштандырған еді. Алайда бүгін Қарағандыда олай болмады. Кеншілер Чемпиондар Лигасының маңыздылығын түсіне келе, Виктор Кумыков құрған тактика бойынша ойнады. Әрине футболды тамашалауға келген 19500 жанкүйер өз командасына 90 минут бойы қызу қолдау жасап, ойыншыларды алға жетелеп отырды. Көрермендерінің алдында ұятқау қалмауға тырысқан «Шахтер» ойыншылары мұқият ойнауға тырысты. Алғашқы таймды 0-0 есебімен аяқталған соң екінші таймда беларустар ойынды өз қолдарына ала бастады. 68 минутта Мокин қақпасына пенальти белгіленген. Бірақ Сергей Кривец қақпашының айласын асыра алмайды. Психологиялық тұрғыда Гончаренко шәкірттері бірнеше минут бойы өздеріне келе алмай жүреді. «БАТЭ» ойыншылары 11 адамымен шабуылға шығады. Тіпті борисовтіктердің қақпашысы алаңның ортасына дейін шығып кетеді. 82 минутта ұрымтал сәтті пайдаланған Игорь Зенькович «БАТЭ» қақпашысын алдап өтіп бос қақпаға гол салады. Қорытынды есеп 1-0. Қос ойынның нәтижесі бойынша 2-0 қарағандылықтардың пайдасына. Енді Виктор Кумыков шәкірттері «Нефтчи» мен «Шкендербеу» жұптарының жеңімпазымен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET