Игорь Трофимец қарағандылық «Шахтер» сапында ойнауын жалғастыра бермек. 25 жастағы қақпашы келісім-шарт мерзімін бір жылға ұзартты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Трофимец қарағандылық командаға осы жылдың шілде айында «Ордабасыдан» ауысып келген болатын. Содан бері Премьер-лигада екі ойынға («Шахтёр» 3:1 «Жетісу», «Тобыл» 4:1 «Шахтёр») және Қазақстан кубогінде үш кездесуге қатысты (екі матчта қақпасына гол жібермеді)
Біздің серіктес: FONBET