«Ливерпуль» қаңтарда жаңа ойыншымен толықпайды

26.12.2021, 13:27
Мерсисайдтық клуб құрамын келесі жазда күшейтпек.
«Ливерпуль» қаңтарда жаңа ойыншымен толықпайды

«Ливерпуль» қысқы трансферлік терезеде бірде-бір ойыншымен келісім-шарт жасаспайды. Клуб өз құрамын 2022 жылдың жазында күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ESPN басылымы.

Бұған дейін «Ливерпуль» «Вильярреалдың» шабуылшысы Арно Груневельд Данжуманы сатып алғысы келген еді, бірақ испаниялық клуб қысқы трансфер терезесінде ойыншыны жіберуден бас тартты. Сондай-ақ «Ливерпуль» «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Эдуардо Камавингаға қызығушылық танытуда.

«Ливерпуль» Англия чемпионатының келесі турында «Лестермен» кездеседі. Матч 28 желтоқсанда өтелді.

Юрген Клопп шәкірттері Премьер-лигадағы 18 ойыннан кейін 41 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×