«Шахтер» клубы қақпашымен жаңа келісім-шартқа отырды

26.12.2021, 14:23
Қақпашы өткен маусымда бес ойынға қатысты.
«Шахтер» клубы қақпашымен жаңа келісім-шартқа отырды

Игорь Трофимец қарағандылық «Шахтер» сапында ойнауын жалғастыра бермек. 25 жастағы қақпашы келісім-шарт мерзімін бір жылға ұзартты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Трофимец қарағандылық командаға осы жылдың шілде айында «Ордабасыдан» ауысып келген болатын. Содан бері Премьер-лигада екі ойынға («Шахтёр» 3:1 «Жетісу», «Тобыл» 4:1 «Шахтёр») және Қазақстан кубогінде үш кездесуге қатысты (екі матчта қақпасына гол жібермеді) 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×