«Барселона» «Аякс» қорғаушысымен келіссөз жүргізуде

26.12.2021, 02:24
Футболшы алдағы жазда еркін агент атанады.
«Барселона» «Аякс» қорғаушысымен келіссөз жүргізуде

Келісім-шарт мерзімі осы маусымның соңында аяқталатын «Аякстың» қорғаушысы Нуссайр Мазрауи «Барселонаға» еркін агент ретінде ауысуы мүмкін. Испаниялық клуб футболшының трансфері бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы журналист Николо Скира өзінің Twitter парақшасында жазды.

Дереккөздің мәліметінше, Мазрауи «Барселонаның» қорғаушысы Серджино Дестті алмастыруы мүмкін, ал америкалық футболшы қысқы трансфер терезесінде каталониялық клубтан кетеді деп жоспарлануда.

24 жастағы Мазрауи «Аякстың» түлегі. болып табылады. Осы маусымда марокколық қорғаушы барлық турнирлерде 21 ойынға қатысып, төрт гол соқты, үш нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншыны 18 миллион еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×