Ескендір Қыбырайдың қай командаға ауысатыны белгілі болды

26.12.2021, 01:55
Футболшы екі жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Ескендір Қыбырайдың қай командаға ауысатыны белгілі болды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Шахтер» клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ескендір Қыбырай «Ақтөбеге» ауысты. Келісім-шарт мерзімі екі жылға есептелген.

Қыбырай өткен маусымда «Шахтер» үшін 34 кездесу өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды. Сондай-ақ алғаш рет Қазақстан құрамасына шақырту алды.

Маусым соңында Ескендірдің қарағандылық клубпен келісім-шарты аяқталды. Қос тарап нақты мәмілге келе алмағандықтан, 24 жастағы футболшы командасын ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Қыбырай - «Қайрат» академиясының түлегі. Қорғаушы 2019 жылы «Жетісу» командасына ауысып, талдықорғандық клубта екі маусым өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Владимир Мұханов баптайтын «Ақтөбе» клубы Рамазан Оразов және Дмитрий Шомкомен келісім-шарт мерзімін ұзартып, Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесовті қатарға қосқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×