«Шахтер» «Маккабимен» болған алғашқы матчта жеңіліп қалды

20.08.2021, 01:52
«Кеншілер» қолда тұрған жеңістен айырылып, екі минут ішінде екі гол жіберіп алды.
«Шахтер» «Маккабимен» болған алғашқы матчта жеңіліп қалды

Қарағандылық "Шахтер" Конференция лигасының плей-офф кезеңінде "Маккаби Тель-Авив" клубымен кездесті. Матч "Астана Арена" стадионында өтіп, 1:2 есебімен израильдік клубтың пайдасына шешілді.

Ойынның алғашқы таймында гол соғылған жоқ. Ал 72-минутта алаңға шыққан Идрис Умаев бір минут өткеннен кейін есеп ашты. Голдық пасты Ескендір Қыбырай өз атына жазды. Бірақ бұл қуанышымыз көрке созылмады. Екі минуттан кейін Ави Рикан таразы басын теңестірді. 77-минутта Эден Шамир ауттан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттап, командасына жеңіс сыйлады.

Сонымен, жауапты матч 26 тамыз күні Израильдегі "Блумфилд" стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×