"Шахтер" немесе "Жетісу"

24.10.2011, 04:30
"Шахтер" немесе "Жетісу"

Қазақстан чемпионаты біткелі тұр. Өткен жылдардағыдай биыл да басшылар чемпионды соңғы турда анықтайтын қылып қойған. Сценари керемет жазылған. Қойылым өте шиеленісті. Театрға келген көрермен соңында не боп кетерін анық білмей отыр. Иә, дәл осылай суреттеуге де болады.

Мысалы, "Астана" өз алаңында "Ордабасыдан" ұтылды. Бас төреші қолдан келгеннің барлығын жасағанның өзінде алаң иелері түк бітіре алмады. Көтерем малды қанша құлағынан тартсаң да мал болмайды. Екі ойыншыны алаңнан қуған, бір пенальти берген. Бірақ сонда да астаналықтар ұпайға қол жеткізе алмады. Енді олар сыртта "Шахтерге" ұтылады. Сонда "Ақтөбенің" үшінші орын алуына мүмкіндік болады. Бұл жанкүйерлер үшін жақсы. Жалпы, тәжірибесі бар осындай клубтарымыз келер жылы еурододаларда өнер көрсету керек. "Ақтөбе" мен "Жетісу" Еуропа лигасына кетсе, (оған кубоктың жеңімпазы - "Ордабасы" қосылады), биыл Еуропада жақсы өнер көрсеткен "Шахтер" чемпиондар лигасына түседі. Стадионы мен жалпы жағдайы жақсы клубтардың осылай құрлықтық додаларда ел намысын қорғағаны өте дұрыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×