Джон Грегори: «Қазақстанда қонақ команданың ойыншыларына жиі қызыл қағаз көрсетеді»

24.10.2011, 04:17
Джон Грегори: «Қазақстанда қонақ команданың ойыншыларына жиі қызыл қағаз көрсетеді»
Осы аптаның сенбісінде Прмеьер-Лига командаларының барлығы дерлік 31-кезең аясындағы кездесулерін өткізді. Жоғарғы Лигада    келер маусымда өнер көрсетуден дәмелі алматылық «Қайрат» бұл күні сырт алаңда қостанайлық «Тобылдан» 2-0 есебімен жеңіліп қалды. Назарларыңызға осы ойынның соңындағы «Қайрат» командасының бас бапкері Джон Грегоридің ойын жайындағы және еліміздің төрешілері туралы тілшілермен өткен сұхбатын ұсынамыз. Джон Чарльз Грегори, «Қайрат» командасының бас бапкері: Менің ойымша «Қайрат» бірінші кезеңде бір қателікке бой алдырдық. Алаңда 45 минут бойы допты бақылап, жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Біз бұрыштама добынан гол жіберіп алдық. Екінші кезеңде біздің ойыншымызға қызыл қағаз көрсетілді. Мен төрешінің бұл шешімімен мүлде келіспеймін. Барлық жағдайда қонақ команданың ойыншысын алаңнан қуу оңай секілді. Қазақстанда әркез қонақ команданың ойыншысын алаңнан қуады. Алаңда он адаммен қалған, «Қайрат» одан әрі тығырыққа тірелді. Ал, бір ойыншысы басым болған «Тобыл» бұл сәтті тиімді пайдаланып кетті. Неге «Қайрат» өз алаңында жақсы ойнап, сыр алаңда жиі сәтсіздікке бой алдырады? Меніңше, Қазақстанның барлық командалары осылай ойнайды. Өткен аптада «Қайсар» өз алаңында «Тобылды» бірінші таймнан кейін-ақ 3-0 есебімен жеңді. Қостанайлықтар өз алаңында тап осындай есеппен қызылордалықтарға жеңіледі дегенге мен ешқашан сенбес едім. Бұл Қазақстанның футболдағы өзінше бір ерекшелігі деп білемін. Мүмкін, ойыншылардың менталитетіне де байланысты шығар. Өз алаңында барлығы да жүз пайыз өнерін көрсетеді. Дегенмен менің командам сырт алаңда ойнағанда да, өзгелерден кем түспейді. Егер келер маусымда «Қайрат» жоғарғы орындардан көрінгісі келсе, өз алаыңнда да, сырт алаыңда да жеңуге тиіс. Еуропада чемпион атанатын команда - сыртта өткізген барлық ойындарында міндетті түрде жеңіске жетеді. Алматыда біз керемет алаңда ойнаймыз, ал басқа қалаларда көгалдың сапасы нашарлау болып келеді. Сондықтан команда алаңға бейімделемін дегенше біршама уақыт өтеді. Сол себептен де, біз кей ойындарды керекті нәтижелерге қол жеткізе алмай қалып жатамыз. Қазақстанның төрешілеріне деген көзқарасыңыз? Қазақстанның төрешілеріне әлі талай шыңдалу керек. Стадионға көрермендер төрешілерге емес, қызықты ойынды тамашалауға келеді. Кейде төрешілер алаңдағы ең мықты, маңызды ададармыз деп қалады. Ал, ең мықты  қазы ойын барысында алаңда жиі көрінбейді. Келер маусымда «Қайрат» Премьер-Лигадан, Бірінші-Лигага түсіп қалса, алматылық командамен жұмыс істеуді жалғастырасызба? Ия, мен алматылық командамен жұмыс істегім келер еді. Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×