Қазақстан 3 минутта 3 ұпайдан айырылды

24.10.2011, 04:30
Қазақстан 3 минутта 3 ұпайдан айырылды
Ирландияға қарсы ойынның соңғы сәттерінде жасөспірімнен жасақталған құрама қақпаны қараусыз қалдырды. «Еуро-2012» сұрыптау сайысының алғашқы сынында Чехтардан ұтылған ұлттық ұжым, бұл жолы матчты белсенді бастады. 12-ші минутта литвалық төреші қонақтар қақпасына айып соққысын белгіледі. Сол қапталдан Иван Антиповтың тепкен теңбілі қақпаның алыс бұрышына сүңгіді. Осылайша 15 жастағы «Ақжайықтың» жартылай қорғаушысы алаң қожайындарын алға шығарды. Алайда, одан әрі ойын орта тұста өрбіді. Тек екінші таймда Владислав Морозовтан пас алған Әділ Балғабаев қауіпті сәт тудырды. Бірақ 16 жастағы «Астана» клубының шәкірті бетпе-бет келген қарсылас қақпашысы Фэганды алдап өте алмады. Есесіне 15 метрлік межеден Джек Грилиш мүлт кетпеді. Нәтижесінде сол қанаттың шабуылшысы Ирландияға 1 ұпай сыйлады. Енді Дүйсенбіде Қазақстан-Лихтенштейнмен кездеседі.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×