Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Бас прокурордың Кубогі ойнатылды

24.10.2011, 04:32
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Бас прокурордың Кубогі ойнатылды
Турнирге аймақтық қағидамен жасақталған 6 команда қатысты. Атап айтсақ, оңтүстік пен орталық және шығыс пен батыс прокуратуралары. 3 күнге созылған сайыста Бас прокуратура – бас жүлдені олжалады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет тәжге таласта күмісті еншіледі. Оңтүстіктің командасы қоланы қоржынға салды. Ал номинациялар бойынша мына ойыншылар үздік деп танылды. Бомбардир атағы – оңтүстіктің өкілі Болат Қалыбаевқа бұйырса, Орталықтың иелігіне бас-көз болған Рустам Дәуітов – қырағы қақпашы атанды. Бас прокуратураның артқы шебін қадағалаған Талғат Бекмағамбетов үздік қорғаушы деп мойындалса, комитет командасының ойыншысы Ержан Мұсаев – өткір шабуыл өтіндегі өнері үшін марапатталды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×