"Шахтер" ойыншысы Чехияға қарсы ойнайды

07.10.2011, 23:29
"Шахтер" ойыншысы Чехияға қарсы ойнайды
Қарағандылық "Шахтердің" жартылайқорғаушысы Гедеминас Вичюс Литва ұлттық құрама командасына шақырту алды. 11 қазан күні Каунаста өтетін Чехияға қарсы кездесуде ол алаңға шығып қалуы әбден мүмкін. Литва бас бапкері Раймондас Жутаутас Шемберасты жарақатына байланысты құрамаға тарта алмадық дейді. Және соның орнына тез арада кім бар деп іздеук салыпты. "Қазақстанда қызмет етіп жүрген Альгимантас Любинскасқа("Қайсардың" қазіргі бапкері бұрын Литва құрамасын жаттықтырған) хабарласып едім ол бірден Вичюсті ұсынды. Оның айтуынша жартылай қорғаушы соңғы кездері керемет өнер көрсетіп жүр екен.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Футбол фанатизмі
Aladop Youtube
×