"Шахтер" Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында "Жетісумен" кездесті. Матч Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 8-минутында Давид Атанаскоскидің пасынан кейін Оралхан Өміртаев есеп ашты. 20-минутта "Жетісу" қақпасына пенальти белгіленді. Оралхан бұл мүмкіндікті де голға айналдырды. Дегенмен, 32-минутта Одуэньи Угочукву "Жетісу" сапындағы дебюттік голын соғып, есеп айырмасын қысқартты. Ал бірінші таймның аяқталуына 4 минут қалғанда Евгений Шикавка матчтың нүктесін қойды.
Үш ұпайға қол жеткізген Магомед Адиев шәкірттері он бірінші орынға көтерілді (19 ұпай). Ал талдықорғандық ұжым 11 ұпаймен ең соңғы орында қалды.