Лука Шимунович: «Біз тек жеңіске жетуді көздедік»

12.09.2021, 21:47
«Астанаға» жеңіске жету үшін Чуперканың соққан голы жеткілікті болды.
Лука Шимунович: «Біз тек жеңіске жетуді көздедік»

«Астананың» жартылай қорғаушысы Лука Шимунович «Ақжайықпен» (1:0) өткен ойынды қорытындылады.

– Бұл ұзақ уақыттан кейінгі алғашқы ойын болды және ең бастысы жеңіске жеттік. Біз қандай жолмен болсын тек жеңуді ойладық, себебі халықаралық матчтарға байланысты үзіліс болды, көптеген ойыншылар өз құрамаларына аттанды. Біз толық құрамда жаттықпадық, ойынға тек санаулы күндер қалғанда жаттығу жасадық. Оған қоса, Оралдағы алаң сапасы сын көтермейді, газон биік әрі құрғақ болды және осы себепті ойнау қиын болды, бірақ бастысы жеңіске жету қолымыздан келді.

– «Астана» үйреншікті емес құрамда ойнады: команда маусым барысындағы үзілістен кейін алғаш рет ойнады, физикалық тұрғыда өздеріңізді қалай сезінудесіздер?

– Иә, ыңғайсыз құрам болды. Көп ойыншылар құрамаларынан матчқа бір-екі күн қалғанда келді, алайда бұған қарамастан, жеңіске жеттік. Қос команданың физикалық жағдайы әртүрлі болды, бірақ абырой болғанда, маусымның соңғы кезеңін сәтті бастадық және осылай жалғастырамыз деген сенімдемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×