Алексей Щеткин жарақатынан айықты

12.09.2021, 17:57
Футболшы жеке жаттығу жұмыстарына кірісті.
Алексей Щеткин жарақатынан айықты

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин жарақатынан айықты. Бұл туралы "Ротордың" бас бапкері Дмитрий Хохлов хабарлады.

"Щеткин мен Николаев жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүр. Мен алдын ала жағдайдың қалай болатынын келмейді, бірақ олар әзірге командалық жаттығуға оралған жоқ", - деді бас бапкер.

Естеріңізге сала кетейік, Щеткин тамызда жарақат алып, содан кейін бірнеше матчқа, соның ішінде Қазақстан құрамасының ойындарына қатыса алмаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×