Ресейлік жартылай қорғаушы Михаил Бақаев «Шахтердан» кетті, деп хабарлайды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.
34 жастағы футболшы «кеншілер» құрамында бас-аяғы 37 ойынға қатысып, 2 нәтижелі пас берді. 6 мәрте команданы алаңға капитан ретінде алып шықты.
Сондай-ақ қарағандылық клубтың басшылығы сербиялық жартылай қорғаушы Вук Митошевичке, қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев пен Геворг Наджарянға жаңа келісім-шарт ұсынбады.
Біздің серіктес: FONBET