Вук Митошевич «Шахтердан» кетті

29.12.2021, 20:50
Оның клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталды.
Вук Митошевич «Шахтердан» кетті

«Шахтер» сербиялық легионер Вук Митошевич қарағандылық клубтан кеткенін хабарлады.

30 жастағы жартылай қорғаушының келісім-шарт мерзімі аяқталады. Өткен маусымда Митошевич «Шахтер» жейдесінде 18 матч өткізді.

Вук Митошевич қарағандылық клубқа ауыспас бұрын «Радник» клубында доп тепкен. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Қайсар», сербиялық «Войводина», «Явор», «Ягодина» және венгриялық «Кишварда» командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымның басында футболшы «Қайсар» клубында қаралымнан өткен болатын, бірақ қос тарап келісім-шарт жасаспады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×