«Бенфиканың» бас бапкері қызметінен кетті

29.12.2021, 19:01
Оның орнын Андреа Пирло басуы мүмкін.
«Бенфиканың» бас бапкері қызметінен кетті

«Бенфиканың» бас бапкері Жорже Жезуш қызметінен кетті, деп хабарлайды португалиялық клубтың ресми сайты.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Бас бапкер қызметін Нельсон Вериссимо уақытша атқаратын болады.

Соңғы ақпараттарға сенсек, португалиялық клубты Ювентустың бұрынғы бапкері Андрев Пирло тізгіндеуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Жезуш 2020 жылдың жазында «Бенфиканың» бас бапкері атанған болатын. Клуб 15 матчта 37 ұпай жинады және Португалия чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. «Бенфика» ел біріншілігінің келесі турында «Портумен» ойнайды. Кездесу 31 желтоқсанда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×