Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 11-турында Ақтаулық "Каспийден" басым түсті. Матч Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 2-1 есебімен аяқталды.
Ойынның 10-минутында "Шахтер" ойыншысы Гидеон Баа командасын алға шығарды. 82-минутта Бекзат Қабылан есепті теңестіріп, "Каспийге" бір ұпай сыйлағысы келіп еді. Бірақ 87-минутта Ткачук жеңіс голын соғып кетті.
Осы жеңістен кейін "Шахтер" 12 ұпаймен жетінші орынға көтерілді. Ақтаулық ұжым 4 ұпаймен соңғы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET