«Шахтер» сырт алаңда «Стяуадан» минималды есеппен жеңіліп қалды

23.07.2021, 07:42
Қарағандылық клуб келесі кезеңге өту мүмкіндігін сақтап қалды.
«Шахтер» сырт алаңда «Стяуадан» минималды есеппен жеңіліп қалды

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында "Шахтер" мен "Стяуа" клубтары кездесті. Матч Бухаресттегі Ұлттық стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 39-минутта соғылды. Андрей Кордеа алыс қашықтықтан сол аяғымен соққы жасап көрген еді, Игорь Шацкий доптың ұшу бағытын дәл таба алмай қалды. Бірақ "Шахтер" ойыншылары да қарап қалған жоқ. Айдос Тәттібаев бірнеше мүмкіндікті жүзеге асыра алмады.


Жауапты матч 29 шілде күні Қарағандыда өтетін болады. Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×