«Тобыл» сырт алаңдағы алғашқы матчта жеңіліп, жағдайын қиындатып алды

23.07.2021, 07:53
Қостанайлық клуб бүгінгі матчта мардымды шабуыл жасай алған жоқ.
«Тобыл» сырт алаңдағы алғашқы матчта жеңіліп, жағдайын қиындатып алды

"Тобыл" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында "Хайдукпен" кездесті. Матч Сплит қаласындағы "Полюд" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

21-минутта хорватиялық клубтың 19 жастағы футболшысы Марин Любичич есеп ашты. Ал 53-минутта дәл осы ойыншы дубль жасап, матчтың нүктесін қойды.


Жауапты ойын 29 шілде күні Қостанайдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы - сағат 21:00-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×