"Шахтер" жанкүйерлерінің арқасында жеңіске жетті

08.05.2011, 20:26
"Шахтер" жанкүйерлерінің арқасында жеңіске жетті

Қазақстан премьер-лигасының 10 тур ойындары барысында, қарағандылық «Шахтер» Өскеменнің «Востогын» қабылдаған болатын. «Шахтер» Қарағанды қаласында биылғы маусымдағы бірінші матчын өткізді. Бұған дейін ойындарын, қалалық стадионның жарамауына байланысты, Астанадағы «Астана Арена» және Теміртаулық «Металлург» стадиондарында өткізген болатын. Қашан да өз жанкүйерлеріне тұрып қолдау көрсететін қарағандылықтар матчқа көп жиналды. 15000 адам сиятын стадионға барлығы 9000 адам жиналды. Қала жұрты футболды шын мәнінде сағынып қалыпты. Тек Қарағанды қаласы емес, сонымен қоса Қала маңындағы Абай, Теміртау, Шахтинск, Сораң, Ақтас секілді қалалардан да адамдар көп келді.

Осыншама халықтың қолауына ие болған «Кеншілір» өз жанкүйерлерінің алдында жеңіске қол жеткізу үшін барын салды. Бірінші таймда бірнеше дәл соққылыр жасағанымен, есеп ашылмады. Екінші таймда қарсылас команданың ойыншысы айып алаңының ішінде қолмен ойнағаны үшін, төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Нүктеден Көкеев мүлт кеткен жоқ. Есеп 1:0. Толассыз шабуылдаған «Шахтер» ойыншыларына тағы бір гол соғудың мүмкіндігі туды. Сол қанаттан допты қабылдаған Алдин Джидич допты айып алаңына іліп тастады. Ол допты Сергей Хижниченко жақын тоғыздыққа басымен соқты. Өзінің бұрынғы клубына соққан "Хижа" гол салуына қуанғанымен, бұрынғы әріптестерінің алдында қатты қуанғанын білдірмеуге тырысты. Ол өзінің бұрынғы командасына деген құрмет болатын.

Шахтер - Восток 2:0 (0:0) Голдар: Көкеев 63 пенальти, Хижниченко 85 Сары қағаз: Финонченко 64 - Міржанин 45, Ковачев 75, Кисметов 89 Шахтер: Мокин, Отабаев, Джидич, Василевич, Парываев (Борантаев 44), Боровский (Мангуткин 88), Вичюс, Көкеев, Рашкович (Финонченко 46), Хижниченко, Байжанов Қосалқы құрам: Григоренко, Дубков, Жанқылышбай, Эрбес Восток: Төлебаев, Ковачев, Міржанин, Абдулин, Лунев, Мамонов (Мулиса 73), Жұмаханов, Добрич, Ларин (Вуйович 82), Бейсебеков, Удалов (Кисметов 59) Қосалқы құрам: Сандыбаев, Оразбахтин, Авдеев, Седельников Төрешілер: Соколов (Астана), Малышев, Ысқақов (оба - Костанай) 7 мамыр. Қарағанды. «Шахтер». 9000 көрермен

Абылай Қарин

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×