Соңғы кездері «Шахтер» футбол клубының ойыны жүрмей келеді. Тіпті, өз аланыңда өткен соңғы 4 ойында жалқы бір ұпай ғана еншіледі. Қаржы тапшылығы деп сылтауға басты бапкер мен басшылық құрамы. Облыс әкімі аралысып, мәселенің түйінің шешіп берді. Алайда сәтті ойын көрсетеміз деген кеншілердің жеңіліс синдромы тағы да орын алды. Премьер-лиганың кезекті 27 туры аясында өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» қабылдаған жерлестеріміз жеңіліске ұшырап, жанкүйерлері алдында жеңіс тойын тойлай алмады. Бастапқы кезеңде екеуі де тартысты ойын өрнегін көрсете алмады. Тек үзіліс жақындағанда «Ордабасы» екі гол соқты. Екінші таймда кеншілер ширақ қимыл танытқанымен қарсыласы басым түсіп жатты. 61 минутта ордабасы ойыншылары тәртіп бұзып, пенальти белгіленді. Михрет Топчагич соққан пенальти есепті қысқартқанымен, ордасылықтар тағы бір голды 5 минут өтпей жатып тоғытты. Ойынның соңғы минутында Топчагич тағы да мергендігімен көрініп, баспен гол салды. Ойынның қорытындысы бойынша 2:3 есебімен «Ордабасы» жеңіске жетті. Осылайша «Шахтердің» келесі жылғы еуро-кубок ойындарына қатысуы екі ұдайы болып қалды. Осы жолы жаттықтырушы штабы жеңілістің себебін қаржы емес, команданың жайсыз өойын-өрнегімен байланыстырды. Атақты команданың «жеңіліс синдромы» 28 тур аясында да қайталанса өкінбейтін болдық.
Виктор Кумыков, «Шахтер» ФК бас жаттықтырушысы: - Қандай да бір психологиялық жағдай алқымнан алып тұрғандай. Соңғы кездері ойынымыз жүрмей келеді. Футбол ойынында осындай сәтсіздіктер орын алып тұрады. Өздеріңіз көрдіңіздер футболшыларымыз барынша тырысып бақты, алайда жеңіс болмады. Еркебұлан Тендхан, «Шахтер» жанкүйері: - Өте ұятты жағдай болды. Соңғы 5 ойында жеңіске жету арман болып қалды. Жанкүйерлер қауымы барынша қолдау көрсетіп, жеңіс тіледік. Алайда болмады. Келесі жылғы еурокубоктар маусымынан үмітімізді үзсек те болады. Биылғы футбол маусымындағы «ең сәтсіз» команда сөзсіз «Кеншілер» құрамасы десе де болады.Біздің серіктес: FONBET