Месси кәсіби мансабындағы 400- ші голын салды

28.09.2014, 23:57
Месси кәсіби мансабындағы 400- ші голын салды
"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси футболдағы кәсіби мансабында 400- ші голын салды. 27- жастағы аргентиналық өзінің мерекелік голын "Гранадаға" қарсы ойынның 62- ші минутында соқты. Және Месси бұл матчта дубль авторы атанып, қоржынындағы голдарының санын 401- ге жеткізді. Месси бұл шыңды бағындыру үшін 525 матч өткізген екен. "Барселона" үшін 358 гол салса, Аргентина ұлттық құрамасы сапында 42 голдың авторы атанған. Дайындаған: Ерден Нұрахмет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×