«Шахтердің» бас бапкері «Тобылмен» болатын матчқа қатыспайды

21.11.2021, 18:15
Бас бапкер коронавирус жұқтырмаған, бірақ өзін жайсыз сезінуде.
«Шахтердің» бас бапкері «Тобылмен» болатын матчқа қатыспайды

Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Тобылмен» өтетін қарымта ойында «Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев өзін жайсыз сезінгендіктен, алаң жиегінен командасына ақыл-кеңес бере алмайтын болды. Бірақ оның коронавирусқа қарсы тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Тобыл» - «Шахтер» кездесуі бүгін сағат 16:00-де басталады. Матч Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізде болса, қос команда арасындағы алғашқы кездесу 5:2 есебімен «кеншілердің» пайдасына аяқталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×