Срджан Благоевич «Астананың» бас бапкері атанды

21.11.2021, 20:22
Келісім-шарт екі жылға есептелген.
Срджан Благоевич «Астананың» бас бапкері атанды

Сербиялық маман Срджан Благоевич «Астана» футбол клубымен келісім-шартқа отырды. 48 жастағы маманмен келісім-шарт екі жылға есептелген.

Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және мол тәжірибеге ие. Жұмыс істеген соңғы командасы ақтаулық «Каспий», бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды. Өткен маусымда Благоевичтің жетекшілігімен ақтаулық клуб Премьер-лигада сегізінші орынды иеленді.

«Астана» бірнеше апта бұрын ресейлік маман Андрей Тихоновпен қош айтысқан болатын. Ал команданы уақытша Владимир Ежуров тізгіндеді. Оның басшылығымен елордалық клуб Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Қайраттан» (3:0) жеңіліп қалды.

Еске салайық, өткен маусымның қорытындысы бойынша «Астана» Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×