«Шахтердің» негізгі қорғаушысы малайзиялық клубқа ауысты

01.01.2022, 22:33
Қорғаушы өткен маусымда өзін жақсы қырынан көрсетті.
«Шахтердің» негізгі қорғаушысы малайзиялық клубқа ауысты

«Шахтердің» 29 жастағы тәжікстандық қорғаушысы Давид Мавутор малайзиялық «Негри Сембиланға» ауысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Негри Сембилан» клубы 2018 жылы құрылған. Команда өткен маусымда Малайзия суперлигасында алтын медаль жеңіп алды және Азия Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнауға мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, Давид Мавутор «Шахтерге» 2021 жылдың шілдесінде қосылды. Содан бері 15 матч өткізіп, 2 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. Футболшы 2018-2020 жылдар аралығында «Жетісудың» да намысын қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×