«Тобыл» Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында «Шахтермен» кездесті. Матч Қостанайдағы «Тобыл Арена» стадионында өтіп, 4:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 16-минутында Александр Марочкин «Шахтер» қақпасынан саңылау тапты. Он бес минуттан кейін Игорь Сергеев есепті еселеді. Ал 56-минутта команда капитаны Азат Нұрғалиев бұрыштама добынан кейін командасының үшінші голын соқты. Ойынның аяқталуына жеті минут қалғанда қосалқы құрамнан шыққан Элгуджа Лобжанидзе матчтың нүктесін қойғандай көрінген еді. 87-минутта Андрей Гиоргиади «Шахтердің» жұбаныш голын соқты.
Бұл жеңістен кейін Александр Москаленко шәкірттері 58 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. Қарағандылық ұжым 30 ұпаймен тоғызыншы орында қалды
Біздің серіктес: FONBET