«Шахтерға» жақында ғана қосылған ресейлік футболшы командадан кетеді

01.07.2021, 03:08
Футболшы «кеншілер» сапында 5 матчқа қатысып үлгерді.
«Шахтерға» жақында ғана қосылған ресейлік футболшы командадан кетеді

Meta-Ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтердің" ресейлік қорғаушысы Евгений Гапон 2016 жылдан 2019 жылға дейін ойнаған "Кубань" клубына қайта оралады.

Гапон қарағандылық клубқа Магомед Адиевтің шақыруымен көктемде ауысып келген еді және осы уақыт ішінде ол Премьер-лигада 5 матчқа қатысып үлгерді. Футболшы отбасылық жағдайларына байланысты командадан кету туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін Гапон ешқашан өз Отанынан тыс жерде өнер көрсетпеген, ал туыстарынан ұзақта жүру ол үшін үлкен мәселеге айналды. Нәтижесінде Гапон шығындалғанына қарамастан "Кубаньға" ауысуға келісім берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×