"Шахтер" құрамы жаңа ойыншымен толықты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
13.04.2024, 14:24

Қарағандылық клуб Черногориялық футболшы Митар Чуковичпен келісімшартқа отырды.

"Шахтер" құрамы жаңа ойыншымен толықты

29 жасар қорғаушы осыған дейін өзінің Отанында "Петровац","Ловчен", сербиялық "Пролетер,"Напредак", литваның" Паневежис", "Ритеряй", сондай-ақ, босниялық "Вележ" секілді командаларда доп тепкен. "Кеншілердің" жаңа қорғаушысы өз мансабында 198 ойынға қатысып, 4 гол салған және 7 голдық пас шығарған. Айта кетейік, ҚПЛ-дің 4 турынан кейін "Шахтер" 3 ұпаймен 10-сатыда келеді. Келесі турда қарағандылық команда сырт алаңда "Жетісумен" ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×