«Шериф» шабуылшысы Адама Траоре Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Реалмен» болған ойында (0:3) өзін нашар сезінді, деп хабарлайды Mirror.
Дереккөздің мәліметінше, ойыншы кенеттен кеудесін ұстап, көгалға құлаған. Ол бірнеше секунд бойы орнынан тұра алмады және алаңнан медициналық қызметкерлердің көмегімен кетті. Ойыншы өз орнын командаласына босатып берді.
Айта кетейік, «Шериф» бұл ойында 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Бес турдан кейін молдовалық клуб алты ұпай жинап, Еуропа лигасына жолдама алды. «Реал Мадрид» топта көш бастап тұр (12 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET